Қазақстанда суррогат аналық

Көмекші репродуктивті технологиялар – бедеулікті емдеу әдісі болып табылады, онда эмбриондардың ұрықталуы мен ерте даму кезеңдері денеден тыс жүзеге асырылады.

Суррогатия – бұл ұрықтандыру және баланың туылуына үш адам қатысатын көмекші репродуктивті технология:

  • Генетикалық әке – ұрықтандыру үшін ұрық беретін және бала туылғаннан кейін әкесінің міндеттерін қабылдауға келісетін адам;
  • Генетикалық ана – жұмыртқажасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туылғаннан кейін ананың міндеттерін алуға келісетін адам;
  • Суррогат ана – ақылы немесе өтеусіз негізде баланы генетикалық ата-аналарынан көтеруге, тууға келісім берген және осы баланың анасы болуға үміттенбейтін бала туу жасындағы әйел.

Суррогат ананың қызметіне заңмен тыйым салынған Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Швеция сияқты әлемнің басқа мемлекеттерінен ерекше, Қазақстанда заң негізінде суррогатияға рұқсат етілген.

2012 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі қабылданды. Бұрын күште болған Қазақстан Республикасының 1998жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» заңы жарамсыз деп танылды.

Осылайша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-тарауы «Суррогатия және ұрпақты болу әдістері мен технологияларын қолдану»ды қамтиды.

Кодекстің 54 –бабында суррогатия туралы келісім қарастырылған. Бұл бабқа сәйкес суррогатия жайлы келісім жазбаша түрде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалынады және міндетті түрде нотариат куәландыруға жатады. Суррогатикалық келісіммен қатар, ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) көмекші репродуктивті әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен келісім шарт түзеді.

Кодекстің 56-бабында суррогат анаға қойылатын талаптар белгіленген.

Біріншіден, суррогат ана болғысы келетін әйел жиырма жастан отыз бес жас аралығында болуы тиіс, физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығы канағаттанарлық және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған болуы тиіс, сондай-ақ өзінің сау баласы болуы тиіс.

Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде болса (ерлі-зайыптылық), суррогат аналық жайлы келісім жасау кезінде жұбайының жазбаша келісімін ұсыну қажет, ол нотариалды түрде куәландырылуы керек.

Үшіншіден, көмекші репродуктивті әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым өздері немесе донор банкі қолданатын биоматериалдар туралы толық ақпаратпен балалы болғысы келетін адамдарды қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытындының бір данасы нотариалды куәландырылған суррогатия шартына қосылады және мәміле жасалған жерде сақталады.

Кодекстің 59-бабына сәйкес, репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы ретінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) есептеледі (суррогаттық аналық келісім шарт негізінде).

Басқаша айтқанда, нәрестенің генетикалық анасы бала туылғаннан кейін баланың анасы ретінде ресми түрде тіркеледі және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл нәрестеге ешқандай қатысы болмайды.

Генетикалық ата-аналар КРТ көмегімен медициналық тексерістен өткен суррогат анамен байланысты материалдық шығындарды төлеуге міндетті; суррогат ананың медициналық шығындарын отеу, яғни босану кезінде және босанғаннан кейінгі елу алты күн ішінде, ал жүктілікке және босануға байланысты асқынулар туындаған кезде – босанғаннан кейін жетпіс күн ішінде төлеуге міндетті.

Суррогат ана үнемі дәрігер бақылауында болуы және оның ұсыныстары мен тағайындауларын қатаң сақтауы керек; үнемі тапсырыс берушілерге жүктіліктің барысы жайлы хабарлау, ең бастысы – баланы суррогатия бағдарламасы бойынша өзінің тапсырыс берушілеріне тапсыруы тиіс.

Қазақстанда суррогат ананы таңдау және оған қатысты медициналық процедураларды ЭКО орталықтары ұсынады.

Суррогат ана болу үшін не істеу керек?

Бізге хабарласыңыз

Хаттың тақырыбын көрсетуді ұмытпаңыз