Қалай сперма доноры болу мүмкін

Кез келген психикалық және дені сау ер адам, ұлты мен дініне қарамастан, донор бола алады.

Сперма донорына қойылатын талаптар:
— Қалыпты органометриялық және фенотипикалық белгілерде ауытқулардың болмауы.

Спермограмма қалай тапсырылады:

Сперма анализы дәл болу үшін келесі талаптарды орындау керек:
— сперма тапсырудан алдын 3 күн жыныстық тежеу керек
— сперма тапсырудан алдын монша мен хаммамдарға бармау кеңес беріледі, өйткені ыстық температура сперма сапасына кері ықпалын тигізеді
— анализ тапсырудан алдын алкогольдан, майлы және ащы тағамдардан тыйылу.

Іріктеу кезеңдері:
I кезең: Сперманы зерттеу тегін (спермограмма). Зерттеу жауаптары жақсы болатын болса кезектегі зерттеулер – эякулят морфологиясы және МАР тест өткізіледі;
II кезең: 1 кезеңде спермограмма жауаптары жақсы шыққан донорларға андрологтың тексеруі мен қорытындысы тегін болып есептеледі;
III кезең: Медициналық зерттеу.

Сыйақы:
Кешенді медициналық зерттеулердің шығындары тек жауаптары жақсы шыққан жағдайда ғана өтеп беріледі!
Бір мөлшердегі сперма үшін өтемақы 10 000 тг.

Қалай сперма доноры болуға болады?
Донорлық бойынша менеджерге хабарласыңыз және сауалнама толтырыңыз. Өзіңізбен жеке күәлігіңізді алуыңыз тиіс. Сауалнаманы сайтта да толтыру мүмкіндігі бар.

Сауалнаманы толтырыңыз: