Қалай жұмыртқажасуша доноры болуға болады

Донорлық – бұл адам өміріндегі ең ізгі әрі адамгершілікті шешімдердің бірі болып есептеледі. Жұмыртқажасуша донорлығы бағдарламасының қатысушысына айналып, сіз әр кезеңде ана болу үмітімен жүрген әйелге аналық бақытын сыйлай аласыз.

Жұмыртқажасуша донорлығы дегеніміз не?

Әр әйел ай сайын бір жетілген жұмыртқажасуша шығарады, ал туылғаннан бастап болашақ ананың аналық безінде шамамен 400 000 ооциттер дамытылады. Ай сайын бірнеше ооциттер жетіле бастайды, және бұл процесс овуляция күніне дейін созылады. Олардың тек біреуі жетілген жұмыртқажасушаға айналады, ал қалғандары жансызданады. Осылайша әйел ағзасы жүктілікке дайындалады, немесе, егер ұрықталу болмаса, жұмыртқажасуша етеккірдің қан кетуімен жойылады.

Жұмыртқажасуша донорлығы — бұл бірнеше жұмыртқажасушаны сау әйелден басқа әйелге беру.

Жұмыртқажасуша донорларының туылмаған бала үшін ата-аналық міндеттерін алуға құқығы жоқ екенін түсінү маңызды.

Кім донорлық жұмыртқажасушаға мұқтаж?

Донорлық жұмыртқажасуша – бұл өздігінен жүкті бола алмайтын әйелдер үшін жалғыз мүмкіндік. Донорлық жұмыртқажасуша алуға мәжбүр болуының себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды екі үлкен топқа біріктірүге болады: әйелде өз жұмыртқажасушалары мүлдем жоқ немесе жұмыртқажасушалары жүкті болуға жарамсыз.

Ооцит доноры болуға мына адамдарда мүмкіндік бар:

· жасырын/жасырын емес ерікті донорлар;

· реципиенттің достары немесе туыстары;

· жазбаша келісім бойынша реципиентке ооциттерінің бір бөлігін беретін Көмекші Репродуктивті Технология (КРТ) бағдарламасы науқастары.

Ооциттер донорларына талаптар:

· дені сау баланың болуы;

· айқын фенотиптік көріністердің болмауы;

· қанағаттанарлық соматикалық денсаулық;

· ооциттер қайырымдылық бағдарламасына қатысуға қарсы көрсетілімдердің болмауы;

· тұқым қуалайтын аурулардың болмауы;

· зиянды әдеттердің болмауы: есірткіқұмарлық, маскүнемдік, токсикомания.

Ооциттер донорлық бағдарламасын жүзеге асыру алгоритмі:

· сауалнама толтыру (донор менеджерімен немесе сайтта);

· кеңес;

· донорды медициналық тексеру және қарау;

· етеккір циклын синхрондау, медициналық бақылауда болу;

· аналық безді ынталандыру және фолликуланың пункциясы.

Ағза өз қалпына келу үшін 3 ай уақыт талап етіледі. Содан кейін, әйел өз еркімен тағы донорлық бағдарламаға қатыса алады.

Өтемақы:

Сыйақы құны 80 000 тг ден 160 000 тг дейінгі мөлшердегі сомманы құрайды.

Медициналық тексеру және барлық дәрі-дәрмектер «Неке және отбасы» Медицина Орталығы есебінен жүзеге асырылады.

Қалай жұмыртқажасуша доноры болуға болады?

1. Донорлық бойынша менеджерге хабарласыңыз және сауалнаманы толтырыңыз. Өзіңізбен бірге жеке күәлік, перзентіңіздің туу туралы күәлігін, өзіңіздің сәби кездегі фотосуретіңізді, балаңыздың фотосуретін алуыңыз керек.

2. Сонымен қатар, сауалнаманы сайтта да толтыруға болады. Донорлық бойынша менеджеріміз сізбен хабарласады және барлық сұрақтар бойынша кеңес береді.

Сіз басқалардың көптен күткен арманын орындауға көмектесуіңіз мүмкін!

 

Сауалнаманы толтырыңыз: