Суррогат ана болу үшін не істеу керек

Суррогат аналық дегеніміз не?

Суррогатия – бұл ұрпақты болу және босануға үш адам қатысатын көмекші репродуктивті технология: генетикалық әке – ұрықтандыру үшін өз ұрығын ұсынған және бала туылғаннан кейін әкенің міндеттерін қабылдауға келісетін адам; генетикалық ана – жұмыртқажасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туылғаннан кейін ананың міндеттерін қабылдауға келісетін адам;
суррогат ана – ақылы немесе өтеусіз негізде баланы генетикалық ата-аналарынан көтеруге, тууға келісім берген және осы баланың анасы болуға үміттенбейтін бала туу жасындағы әйел. Бала туылғаннан кейін генетикалық ата-аналар заңды ата-ана ретінде тіркеледі.

Кімдер суррогат ана қызметіне мұқтаж болады?

Көптеген жағдайларда суррогатия әйелдердің медициналық себептер бойынша бала көтере алмайтын жұптардағы бедеулікті жеңу үшін қолданылады.

Суррогатия тек эсктракорпоральды (ағзадан тыс) ұрықтандырумен ғана мүмкін болады: ағзадан тыс ұрықтандырылған жұмыртқажасушаны эмбрион дамуының алғашқы 3-5 күнінде суррогат ананың жатырына жіберіледі.

Суррогат аналарға қойылатын талаптар:

  1. Дені сау баласы болуы тиіс;
  2. Физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығы канағаттанарлық және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған болуы тиіс;
  3. Жұбайының жазбаша келісімі бар болуы, нотариалды куәландырылған.

Суррогатия бағдарламасын жүзеге асыру алгоритмі:

  • Менеджермен сауалнаманы толтыру;
  • Суррогат ананы ерлі-зайыптылар ретінде таңдау;
  • Суррогат ананы медициналық тексеру және қарау;
  • Суррогат анамен жазбаша түрде, бала көтеруге өз еркімен келісім жасау арқылы нотариуста келісімшарт жасау;
  • Етеккір циклдерін үндестіру;
  • Эмбрионды суррогат ананың жатыр қуысына көшіру.

Өтемақы:

Суррогат аналарға өтемақы ерлі-зайыптылармен (тапсырыс берушілермен) келісім бойынша төленеді. Медициналық тексеру ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) есебінен жүзеге асырылады.

Қалай суррогат ана болуға болады?

Донорлық бойынша менеджерлерге хабарласыңыз және сауалнаманы толтырыңыз. Өзіңізбен жеке куәлігіңізді, туу туралы куәлігіңізді, өзіңіздің фотосуретіңізді алып алыңыз. Сондай-ақ, сайтта өтініш толтыруға да болады, менеджерлер сізбен хабарласады.

Сауалнаманы толтыру: