Ооциттер донорлығына талапкерлер мына зерттеулерді жүзеге асырулары керек:
- Репродуктолог тексеруі және гинекологик тексеру (әр суперовуляция индукциясы әрекетінен алдын);
- Жамбас органдарының ультрадыбысты тексеруі;
- Қан тобы және резус-факторды анықтау (бір рет);
- Зәр анализы (әр суперовуляция индукциясы әрекетінен алдын);
- Әр ооцитттерді қабылдау процедурасынан алдын клиникалық қан сынағы, қан ұюына арналған тест, тромбоциттерге тест тапсыру
- Қанның биохимиялық зерттеуі (аланинтрансфераза, аспарагинаттрансфераза, билирубин, глюкоза, жалпы ақуыз, мочевина, креатинин) (10 күн)
- Жалпы тәжірибелік дәрігердің тексеруі және саулығы жайлы қорытынды, хирургиялық араласуға қарсы көрсетілімнің болмауы (әр рәсімнен алдын)
- Психиатрдың тексеруі және қорытындысы
- Наркологиялық диспансерден анықтама
- Медициналық-генетикалық сараптама: генеалогикалық зерттеу, кариотипирование (хромосома жиынтығын зерттеу) (бір рет)
- Қанды сифилисқа зерттеу (RW), АИТВ, В және С гепатиты (3 айда бір рет)
- Уретра және цервикал каналдан флора үшін жағындыларды зерттеуі, қынаптан тазалық дәрежесін анықтау үшін жағындыларды зерттеуі (әр ооциттер алу әрекетінен алдын)
- lgM+lgG инфекциясына зерттеу, хламидия, герпес вирусы, цитомегаловирус, уреаплазма, микоплазма, гонорея, трихомониаз, токсоплазмоз, қызамық ауруларына зерттеу үшін (әр рәсімнен алдын немесе 6 айда бір рет)
- Жатыр мойнындағы жағындыларды цитологиялық зерттеу
- Флюорография (1 жылда бір рет)
- Іш қуысының ультрадыбысты зерттеуі (бауыр, ұйқы безі, көк бауыр)
- Бүйректің ультрадыбысты зерттеу
- Гормондарға зерттеу
- Коагулограмма (протромбиналық индекс, жартылай тромбопластинді белсендірілген уақыт, фибриноген) (10 күн)
- Хламидия, уреаплазма, микоплазма, 2 тип герпес вирусы, цитомегаловирусқа арналған ПТР (полимераза тізбектік реакция)-жағындылары
- ПТР (полимераза тізбектік реакция) тәсілінде токсоплазмаға қан зерттеуі
Белгілері бойынша:
- Электрокардиограмма (ЭКГ) (3 ай)
- Көп кездесетін тұқым қуалайтын аурулардың генінде мутацияны тасымалдауға молекулярно-генетикалық зерттеу (фенилкетонурия, муковисцидоз, туа біткен саңырау) – белгілері бойынша