Сперма донорлығы, талаптар мен зерттеулер

Донорлық сперманы Көмекші Репродуктивті Технология (КРТ) (ЭКО, ИИ, ИКСИ) үшін қолдануға болады.

Сперма тапсырудан алдын 3-5 күн жыныстық тежеу керек. Сперма мастурбация арқылы алынады. Эякулят арнайы стерильденген, алдын-ала белгіленген контейнерде жиналады. Бұл процедура арнайы бөлмеде жүзеге асырылады. АИТВ, сифилис, В және С гепатиттеріне бірнеше рет теріс тестілеуден өткізгеннен кейін (сперма тапсырылғаннан 6 ай кейін) тек мұздатылған/ерітілген донорлық сперма қолдануға рұқсат етіледі.

Мұздатылған/ерітілген сперма қолданылуы мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

  1. АИТВ, сифилис, гепатит тағы басқа да инфекциялардың өтуіне қарсы іс-шаралар қолдану;
  2. Донор мен реципиенттің кездесу мүмкіндігінің болмауы.

Сперма донорларына қойылатын талаптар:

  1. Жасы 18 ден 35 жас аралығында болу;
  2. Қалыпты органометриялық және фенотипикалық белгілерде ауытқулардың болмауы.

Сперма донорлары өтетін тексерулер:

  1. Уролог-андрологтың тексеруі және қорытындысы (1 жылда бір рет);
  2. Спермограмма, эякулятты морфологиялық тексеру және МАР-тест;
  3. Уретрадағы жағындылардың микроскопиясы (3 айда);
  4. Қан тобы және резус-факторды анықтау (бір рет);
  5. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тексеруі және саулығы жайлы қорытынды (1 жылда бір рет);
  6. Психиатрдың тексеруі және қорытындысы;
  7. Наркологиялық диспансерден анықтама (бір рет);
  8. Флюорография (1 жылда бір рет);
  9. Медициналық-генетикалық сараптама: (клиникалық-генеалогикалық зерттеу, кариотипирование);
  10. Қанды сифилисқа зерттеу (RW), АИТВ, В және С гепатиты (3 айда бір рет);
  11. Инфекциясыға зерттеу: хламидия, жыныстық герпес вирусы, цитомегалия, уреаплазма, микоплазма, гонорея (3 айда бір рет);
  12. Көп кездесетін тұқым қуалайтын аурулардың генінде мутацияны тасымалдауға молекулярно-генетикалық зерттеу (фенилкетонурия, муковисцидоз, туа біткен саңырау) – белгілері бойынша;

 Қалай сперма доноры болу мүмкін?

Бізге хабарласыңыз

Хаттың тақырыбын көрсетуді ұмытпаңыз